05 наурыз 2016 19:30

Назарбаев McDonald's жылдам әзірленетін тағам мейрамханасына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев McDonald's жылдам әзірленетін тағам мейрамханасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев McDonald's жылдам әзірленетін тағам мейрамханасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы McDonald's корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті.

Мейрамхана ауданы 863 шаршы метр аумақты алып жатыр, келушілер үшін отыруға лайықталған 206 орны бар. Оны безендіруге жаңа тұжырымдарға негізделген дизайндар, сондай-ақ келушілерге қызмет көрсетудегі ең заманауи жүйелер қолданылған.

Компанияның екінші мейрамханасын да 2016 жылы ашу жоспарланған, ал таяу бес жылда тағы 15 мейрамхана ашу көзделіп отыр.

McDonald's мейрамханасының Қазақстандағы мейрамханаларына азық-түлік сыннан өткен өнім жеткізушілерден келетін болады. Сонымен бірге жергілікті өндірушілер базасын дамыту жұмыстары жалғасуда.

Мейрамхананың Астанадағы ресми ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді.

McDonald's - қоғамдық тамақтану және жылдам қызмет көрсету  саласындағы әлемдік көшбасшының бірі. Әлемнің 120 елінде компанияның 36 мың кәсіпорны келушілерге қызмет көрсетеді.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети