14 қыркүйек 2015 14:06

Назарбаев Медведевті 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевті 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевті 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы құттықтауында Дмиртрий Медведевтің жігерлілігі мен алысты болжай білетіндігін, сондай-ақ Ресейдің қарқынды дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы биік беделін атап өтті.

"Біздің арамызда қалыптасқан деңгейі биік сенім мен өзара түсіністік алдағы уақытта да елдеріміздің серіктестік рухы мен одақтастығын нығайтуға қызмет ете беретініне сенімдімін", - делінген құттықтауда.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметі төрағасына мықты денсаулық, бақыт және игілік тіледі.

Ресейдің ақпарат құралдарының мәліметінше, 1999 жылдың қарашасына Дмитрий Медведев РФ үкіметі аппаратының жетекшісінің орынбасары болған. Бұл қызметке оны Путин шақырды. 1999 жылы Медведев президент әкімшілігі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

2003 жылдың қазан айынан бастап РФ президенті әкімшілігінің басшысы, ал 2005 жылдың қарашасында РФ үкіметінің төрағасының бірінші орынбасары болды.

2008 жылдың 2 наурызында Дмитрий Медведев Ресей президенті болып сайланды. Оның кандидатурасы 2007 жылдың желтоқсанында "Единая Россия" партиясы атынан ұсынылды.

2012 жылы Медведев екінші рет сайланудан бас тартып, Ресей Президенті кандидатурасына Путинді ұсынды. 

Ресейдің премьер-министрі әлеуметтік желілерде белсенділік танытып келеді. Ол Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter желілерінде тіркелген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети