Назарбаев Медведевті Ресей премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады

09 Мамыр 2018, 09:01
0
Назарбаев Медведевті Ресей премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады - © РИА Новости
© РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Сіздің Ресей Үкіметінің басшылығындағы қызметіңіз еліңіздің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін.

Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен тең құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай