15 желтоқсан 2014 13:40

Назарбаев: Мемлекеттік наградаларды беру бір өзімнің шешімім емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті мемлекеттік наградаларды табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті мемлекеттік наградаларды табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақордаға барлығы 32 адам шақырылды. Олардың арасында өнер, саясат қайраткерлері мен кәсіпкерлер бар. Ордендер мен медальдерді табыс еткен Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградаларды тағайындау бір өзінің шешімі емес екенін айтты. 

"Адамдардың өзі қалайтын наградамен бәрін марапаттау мүмкін емес, мен де түрлі комиссияларға, кеңесшілерге бағынамын, бәрі оңай деп ойлайсыздар, иә? Жоқ, оңай емес, жұмыс істеу оңай емес", - деді Президент. 

"Израильде мына әңгімені естіген едім: бұл елдің тұңғыш президенті мемлекет қалыптасқаннан кейін Америка президенті Труманға келіп: "маған қиын болып жүр, президент мырза" депті. "Несі қиын болып жүр, сенің 4 миллион адамың бар, менде 150 миллион америкалық, міне, маған шынымен де ауыр" дейді АҚШ президенті. Израиль президенті болса, "президент мырза, сізде 150 америкалық, менде 4 миллион еврей, олардың әрқайсысы өзін президентпін деп есептейді" деген екен. Біз де сол сияқты", - деді Назарбаев. 

Президенттің қолынан "Парасат" орденін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ІІ дәрежелі "Достық" орденін Қазақстанның теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов, І дәрежелі "Даңқ" орденін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров иеленді. 

Президенттің мәлімдеуінше, Тәуелсіздік күні қарсаңында барлығы 1,5 мың қазақстандық мемлекеттік наградаға ие болды. Бұған дейін Қазақстан Президентінің Жарлығымен Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ азаматтың мемлекеттік наградаға лайық деп танылғаны хабарланған еді. Олардың арасында Тимур Құлыбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети