17 наурыз 2017 22:27

Назарбаев мемлекеттік төңкерістер жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде мемлекеттік төңкерістер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде мемлекеттік төңкерістер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.

"Көрші қырғыз халқында байқадық, Украинада да, басқа жерлерде де. Мемлекеттік төңкерістер қайталанып болып жатса жақсы да шығар. Бірақ бұдан халық не ұтады? Сондықтан халықтың өмірі мен тұрмысына жақсы жағдай жасай білген билік жүйесі жақсы. Жетістікке жетіп жатуымыз және бағдарламалардың бірінен соң бірі орындалып жатқаны биліктің нақты бағытының арқасында. Билік осы бағдарламаларды қабылдатқызып, жүзеге асырып отырды. Бірде-бір бағдарлама босқа қабылданған жоқ, оған қаражат та бөлінді, бақылау да жүргізілді. Барлығыңыз жақсы білесіздер, 2007-2009 жылдары әлемдік сұмдық дағдарыстан шығып жатқан кезіміз еді. Әрине, қор мен мемлекет жасаған резервтер осы кезде көмектесті", - деді Қазақстан Президенті.

Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети