15 қазан 2018 14:14

Назарбаев Мұхамедиұлына тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру және туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды.

Мәдениет және спорт министрінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта "Кинематография туралы" заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық киноны қалыптастыру ісін қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, Қазақстанның фильмдерін, сондай-ақ шетелдің жетекші компанияларымен бірлесіп түсірген кино өнімдерін халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағытталған.

Сонымен қатар, Мұхамедиұлы Мемлекет басшысына 2023 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың әзірлену барысы және "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс салтын арттыру" атты жолдаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға қатысты тапсырманың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети