27 қараша 2017 16:22

Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көрнекті ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұзафар Әлімбаевтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Жеделхатта Мұзафар Әлімбаевтың қазақ әдебиетін дамытуға және Қазақстанның өскелең ұрпағын тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқаны атап өтілген.

"Кеңестік кезеңде ол қазақ әдебиетінің алыптарымен қанаттаса жүріп, Отан игілігі жолында жемісті еңбек етті. Көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы атанды. Ол отыз жылға жуық балалардың сүйікті "Балдырған" журналының редакторы болып, ана тіліміздің дамуына және бүлдіршіндеріміздің дұрыс тәлім-тәрбие алуына лайықты үлес қосты. Қалың жұртшылық үшін оның халқымыздың мақал-мәтелдерін жинақтап, зерттеудегі еңбегінің маңызы зор. Сондай-ақ, ол жұрт әрдайым айтып жүретін көптеген қанатты сөздер мен сөз тіркестерін өмірге әкелді.

Мұзафар Әлімбаевтың есімі мен еңбегін халқымыз әрдайым жадында сақтайды деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, жазушымен қоштасу рәсімі 29 қарашада сағат 10.00-де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети