10 қараша 2014 10:31

Назарбаев "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада бірнеше шараға қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада бірнеше шараға қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті 10 қарашада Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдайды.

11 қарашада Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады деген жоспар бар. Оның барысында партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жайы қаралады, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған партиялық іс-қимыл бағдарламасы талқыланатын болады.

12 қарашада Қазақстан Президенті Астанада Грузияның премьер-министрі Иракли Гарибашвилиді қабылдайды.

14 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысады. Қалашықтың заманауи инфрақұрылымы Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қорғау жөніндегі әскери-қызметтік міндетті сапалы атқаруға мүмкіндік береді. Бұл күні 50-ден астам ғимаратты бір мезгілде тапсыру жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети