27 сәуір 2017 20:17

Назарбаев ОҚО-да қандай нысандарды аралады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі ОҚО-ға жасалған сапардың толық видеосын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі ОҚО-ға жасалған сапардың толық видеосын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарын Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты алдында бой көтерген "Қазақ еліне мың алғыс!" монументін көруден бастады. Монумент өңірдің 20 этномәдени бірлестігінің бастамасымен салынған, ол түрлі ұлттардың қазақ халқына деген адал ниеті мен алғысының нышаны болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев түрлі этностар арасындағы достық тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті "Қоғамдық келісім" мекемесі мен өңірдің этномәдени орталықтары орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын аралады.

Мемлекет басшысына этномәдени бірлестіктер өкілдері орындаған «Бірлігіміз жарасқан» деп аталатын музыкалық композиция көрсетілді. 

Осыдан кейін Қазақстан Президенті Шымкенттегі жұмыс сапары аясында терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасауға маманданған "Gold Aluminum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты.

Елбасы ақпараттық стендтер мен экспозициялық макеттерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспары жөнінде мәлімет алды.

"Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу - еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тілеп, кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.

Айта кетейік, кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы жұмысын бастады. 2016 жылы "Gold Aluminum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 750 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын шығарған. Оның өнімдері таяу шетелдерге экспортталуда.

Бұдан кейін Қазақстан Президенті жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен хабардар болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады.

"Бұдан 10-15 жыл бұрын өзіміз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айналды", - деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған көпшілікке бақ-береке тілеп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ниеттестігін білдірді.


Суреттер Ақорданың сайтынан алынды

Айта кетейік, "DALA-FRUIT.KZ" серіктестігі жылына 8-10 мың тонна алма өсіреді. Компания өз жұмысында бақ өсіру саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді қолданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети