01 маусым 2018 14:13

Назарбаев ОҚО-да зорланды деген баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке тломаған баланың атышулы ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке тломаған баланың атышулы ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоғары сыныптағылар зорлаған ОҚО-лық баланың ісі жайлы Қауіпсіздік Кеңесінде айтылды. Осыдан кейін әуре-сарсаң басталды. Таныс-тамырлары шығып, ешкімді де таппай, ештеңені де дәлелдей алмады. Полицияда - туыстары, органдардағылар да - туыстары... Бұлай болмайды! Бұл заңда жазылған, мұндайға жол бермеу керек! Неге заң бұзылып жатыр? Сондықтан да біздің цифрлық партия, Қазақстан, экономика, бұл біздің жол", - деді Назарбаев.

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен "Нұр Отан" партиясының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Еске салайық, ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында сексуалдық зорлық болды деген мәлімет Желіде наурыз айында пайда болған еді. Ал жоғары сыныптағылар топ болып зорлады деген күдікке ілінді. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети