01 қыркүйек 2014 14:02

Назарбаев оқушыларды білім күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл ғана пайдалануға берілген көпсалалы №75 мектеп-гимназиясында болып, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол мектепке 1313 астаналық оқушы қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл ғана пайдалануға берілген көпсалалы №75 мектеп-гимназиясында болып, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол мектепке 1313 астаналық оқушы қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

"Бүгін білім күні. Қазіргі күні бүкіл Қазақстан бойынша 7600 мектепте 2 миллион 600 мың оқушы партаға отырды. олардың 300 мыңы бірінші сыныпқа қабылданғандар. Мен барлық оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Әрине ата-аналар мен ұстаздар қауымына да толағай табыс тілеймін", - деді Елбасы бұл білім ордасының ашылу салтанатында.

Н. Назарбаев Қазақстанның болашағы ұстаздардың қолында екенін атап өтті. "Бұл тұрғыда оқушыларға білім беру ісі ең маңызды болып отыр. Еліміздегі әр баланың бойында патриоттық сезімдер болып, жасы үлкендер мен ата-аналарын сыйлайтын болуы тиіс. Бұл бүгінгі қоғамның ең басты құндылығы. Ол біздер, яғни қазақстандықтарға тиесілі", - деп сөзін жалғастырды. Елбасының айтуынша, биыл республика бойынша жаңадан 153 мектеп бой көтеретін болса, солардың 63-і дәл бүгін оқушыларды қабылдады. "Тәуелсіздігімізді алғалы бері мыңнан астам мектеп аштық. Бұл сайып келгенде жастарға қамқорлық болып есептеледі. Қазақстанда үштілде сабақ беру қалыпты жағдайға айналды. Мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілін білу бүгінгі күннің талабы болып табылады", - деп атап өтті Мемлекет Басшысы.

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл мектеп заманауи қондырғылармен жабдықталған. Онда мәжіліс залы, интерактивті құралдар, электронды абонент кітапханасы да бар. Мектепте сондай-ақ, оқушылардың ғарыш және медицина саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайланып салынған зертхана жұмыс істейді. Одан бөлек педагогтар мен ақпаратты технологияға негізделген интеграциялық орталық іске қосылған.

Астанада білім күні №75 мектеп-гимназиясынан басқа №73-ші физика-техникалық лицей, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы №74-ші мектеп-гимназия, сондай-ақ, №76-шы, және №78-ші мектеп оқушыларға есігін айқара ашты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети