26 сәуір 2017 18:43

Назарбаев өзінің орынбасарларын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықы ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықы ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президенттің мәліметі бойынша, биыл төрағалардың орынбасары болып Ақтөбе облысының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вешняк пен Қазақстандағы әзірбайжандардың республикалық қауымдастығының жетекшісі Абилфас Хамедов тағайындалды. 

"Оларды барша қазақстандықтар және Ассамблея толықтай таниды. Қарсылық жоқ болса, оларды Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ретінде, яғни, менің орынбасарларым етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қоямын", - деді Елбасы. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатыр. Күн тәртібінде: "Тұрақтылық, бірлік, келісім - жаңғырту негізі". Cессияға барлық өңірдегі ассамблея ардагерлері мен мүшелері, республикалық және өңірлік этно-мәдени қауымдастықтардың төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялардың мүшелері, діни ұйымдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети