25 наурыз 2016 10:23

Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының алғашқы сессиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті VI шақырылымының алғашқы сессиясына арналған Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті VI шақырылымының алғашқы сессиясына арналған Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы төменгі палатаның жаңартылған құрамымен амандасты. Бірлескен отырыстан кейін төменгі палата депутаттарының кеңейтілген отырысы болады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, 24 наурызда ҚР Орталық сайлау комиссиясы алтыншы шақырылатын Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді: "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша - 84 депутат; Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат. 

Төменгі палатаның жаңа құрамы бекітілгеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне "Нұр Отан" партиясынан сайланған депутаттармен кездесті.

Жаңа шақырылымның депутаты атанған шенеуніктердің қатарында ҚР ауылшаруашылық вице-министрі Сапархан Омаров ("Нұр Отан"), ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бар.

"Ақ жол" партиясынан Мәжіліске 7 депутат өтті. Олардың ішінде төртеуі жаңадан депутат атанып отыр: Кеңес Абсатиров, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Дания Еспаева. V шақырылымның депутаттарынан Азат Перуашев, Екатерина Никитинская және Меруерт Қазбекова бар.

Коммунистер партиясынан V шақырылымның 4 депутаты - Жамбыл Ахметбеков, Галина Баймаханова, Айқын Конуров, Владислав Косарев және 3 "жаңа" - Магеррам Магеррамов, Ирина Смирнова және Тұрғын Сыздықов Мәжіліске өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттардың тізімінде V шақырылымның депутаттары - Ахмед Мурадов, Юрий Тимощенко, Роман Ким бар. "Жаңа" депутаттардың қатарында - Сауытбек Әбдрахманов, Владимир Божко, Наталья Жұмаділдаева, Наринэ Микаелян, Шаймардан Нурумов және Шакир Хахазов бар.

Еске салайық, елімізде ҚР Парламентінің төменгі палата депутаттарының сайлауы 20 наурызда өткен болатын. Дауыс беру 9 840 сайлау учаскесінде өтті. Сайлаушылар тізіміне 9 791 165 адам енгізілді. Сайлауда халықтың 77 пайызы белсенділік танытты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети