16 сәуір 2017 10:58

Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - барлық құрлықтарды мекен еткен көптеген адамдардың өміріндегі ерекше мәні бар мейрам. Биыл православтар мен католиктердің оны бір мезетте атап өтуі мейрамның мәні мен маңызын арттыра түсуде.

Біздің елімізде барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды. Бұл бірегей дәстүр біздің қоғамымыздың татулық, достық және келісім құндылықтарымен бекітілген бірлігін айшықтай түседі", - деді ҚР Президенті.      

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда барлық конфессиялардың бір-бірін сыйлауға және ашық пікірлесуге негізделген жемісті ынтымақтастығы - Қазақстанның ерекше мақтанышы екенін айта кетті.   

"Ежелгі Пасха мейрамы - жаңғырудың, ізгі үміт пен жағымды істер жасауға талпыныстың нышаны. Осының барлығы жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып жатқан еліміздің қазіргі даму кезеңімен үндесіп жатыр. Жарқын мерекеде барлық қазақстандықтарға денсаулық, отбасыларына амандық, барлық бастамаларына табыс тілеймін!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети