15 наурыз 2019 08:03

Назарбаев пен Әбу-Дабидің тақ мұрагері Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен "Zayed Sports City" стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы 14 наурыз бейсенбіде "Ақорда" баспасөз қызметіндегілер хабарлады. 


Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен "Zayed Sports City" стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы 14 наурыз бейсенбіде "Ақорда" баспасөз қызметіндегілер хабарлады. 

Биылғы 14-21 наурыз аралығында Абу-Даби қаласында өтетін Арнайы Олимпиада ойындары – Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің тарихындағы алғашқы спорт сайысы. Бұл шараға әлемнің 170-тен астам елінен спорттың 24 түрі бойынша сайысқа түсетін 7500-ден аса спортшы қатысып жатыр.

Қазақстаннан үстел теннисі, теннис, дзюдо, суда жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, гольф, бочче, гимнастика, боулинг, роликпен жүгіру және бадминтон сияқты спорттың 15 түрі бойынша 67 спортшы жарысқа түседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Президент Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды ⠀ Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. ⠀ Мемлекет басшысы Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті және Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. ⠀ _________ ⠀ Президент Назарбаев прибыл в Объединенные Арабские Эмираты с рабочим визитом. ⠀ В рамках рабочего визита Глава государства встретился с Наследным принцем Абу-Даби, заместителем Верховного Главнокомандующего Вооруженными силами Объединенных Арабских Эмиратов шейхом Мухаммедом бен Заидом Аль Нахаяном. Глава государства посетил одну из главных достопримечательностей ОАЭ - мечеть шейха Заида в г.Абу-Даби и почтил память основателя и первого президента страны шейха Заида бен Султана Аль Нахаяна. А также президент оставил памятную запись в Книге почетных гостей.

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети