24 тамыз 2018 14:04

Назарбаев пен Бердімұхамедов Әмудария мен Сырдария өзендерінің мәселесін талқылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен жүздесіп, бүгінгі отырыстың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер екі тараптың да стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендігінің айқын көрінісі саналатынын айтты.

"Мемлекеттеріміз арқылы өтетін Әмудария мен Сырдария өзендері бассейндерінің мәселелерін талқылаймыз. Бұл екі өзен біздің балаларымыз бен немерелерімізге өмір сыйлайды. Осы проблемаларды бірлесе талқылаудың маңызы зор", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы саммиттің Түрікменстанда дер кезінде өткізіліп отырғанына тоқталып, Халықаралық Аралды құтқару қорының бұған дейінгі саммиті 2009 жылы өткенін атап өтті.

"Мен бауырлас Түрікменстанның даму барысын жіті қадағалап отырамын. Түрікмен халқына бар жақсылықты тілеймін", - деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіріп, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бауырлас елдерімізді біріктіретін Каспий теңізінің жағасына - Түрікменстанға қош келдіңіз!", - деді Түрікменстан Президенті.

Түрікменстан басшысы Қазақстан Президентін Бесінші Каспий саммитінің табысты өтуімен және тарихи құжат – Каспий теңізіне қатысты конвенцияға қол қойылуымен құттықтады.

Екі ел көшбасшылары Жол картасын іске асыру, көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін қарастырды.

Соңында Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевты және барша Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Еске сала кетейік, мұның алдында Назарбаевтың Түрікменстанға барғаны хабарланған болатын. Президенттің мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысуы, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отырғаны айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети