Назарбаев пен Ердоған түрік қаражатына салынған жаңа мешітке барды

17 Сәуір 2015, 15:46
0
Назарбаев пен Ердоған түрік қаражатына салынған жаңа мешітке барды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркістандағы түрік тарапының қаражатына салынған мешітке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі елдің басшысы Түркістандағы 2 мың орындық жаңа мешітті аралап көріп, дін өкілдерімен және қала тұрғындарымен әңгімелесті.

Айта кетейік, мешіт құрылысы туралы келісімге Түркістан қаласының 1500 жылдығын мерекелеу барысында қол қойылған болатын. Мешіт 2 гектар аумақта орналасқан, мұнараларының ұзындығы - 33 метр, күмбезі - 31 метр.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия президенттерінің "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени мұражайына барғаны хабарланған болатын. Ол жерде Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көріп, Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай