Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, - деп хаюбарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, - деп хаюбарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірнеше БАҚ-тың Қырғызстанның премьер-министрі С. Искаковтың Facebook желісіндегі жеке парақшасына қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер туралы сауал қоюына қатысты ҚР үкімет басшысының сайты ресми түрде мынаны мәлімдейді:
"Біріншіден Сочидегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы кезінде Қазақстан президенті мен Қырғызстан премьер-министрі өзара келіссөз жүргізген жоқ. Икаков мырза қысқа уақытқа ғана Елбасымыздың жанына келді, мұны Facebook желісіндегі жеке парақшасындағы суреті арқылы растауға болады", - делінген үкімет басшысының сайтында.
"Екіншіден, Қазақстан Президентінің "шекарада туындаған барлық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне тапсырма бергендігі" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ақиқатында, Үкіметке аталған мәселе бойынша үкіметаралық консультация өткізу туралы тапсырма берілді. Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ-та хабарланғандай, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық ІІМ, мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау комитеттерімен бірлесе отырып, еліміздің мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша, оның ішінде қазақстандық-қырғыз аумағында да жоспарлы шекара операциясын жүргізуде", - дейді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Шекарадан өтетін жеке тұлғаларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеруді күшейту шаралары қолданыстағы заңнама шеңберінде қазақстандық және шетелдік азаматтардың құқықтарын шектеусіз жүргізілуде. Шекараны кесіп өту үшін ешқандай шектеу немесе тыйым салынып жатқан жоқ.
Жоспарлы шекара операциясының басты мақсаты - шекаралық кеңістіктегі құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу, террористік, контрабандалық және басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау, шекара тәртібі мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру", - деп атап өтілген сайтта
Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Шекара қызметі елдегі президент сайлауына байланысты шеакаралық бақылауды күшейту туралы шешім қабылдаған.
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі бұрмаланған ақпараттың таратылуына ресми түрде түсінбестік білдіреді және өзінің шынайы ақпарат беру мәселесінде кез келген БАҚ-пен ынтымақтастыққа ашықтығын растайды", - делінген сайтта.