1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев пен Мәсімов EXPO-2017 көрмесінің қауіпсіздік мәселелерін талқылады05 маусым 2017, 19:44

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді", - делінген Ақорда сайтында.

Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.