22 қаңтар 2015 09:37

Назарбаев пен Обама Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалды талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әңгіме барысында Қазақстан-Америка қарым-қатынасының ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. Екі елдің көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады. "Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапының көзқарасы бойынша Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары деңгейіндегі келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін осы мәселемен жеке өзі айналысып жатқанын айтты", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті америкалық әріптесінен Украина мәселесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейілінше белсенді қатысуды өтінді. Мемлекет басшысы Ресейге қатысты экономикалық санкциялар Орталық Азия өңіріне де ықпал етіп жатқанына тоқталды.

АҚШ Президенті Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынына Нұрсұлтан Назарбаевты сендіре отырып, бұл үшін бірінші кезекте Минск уағдаластықтарын орындау қажеттігін атап өтті.

Б.Обама сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіне жұмсаған күш-жігерін жоғары бағалады және Мемлекет басшысының Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу ісіне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Америка жағы бастамашылық етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети