05 мамыр 2015 15:46

Назарбаев полицияның пәтер ұрлығына қатысы бар болуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Әкімдіктерде полиция қызметкерлерінің әрекетіне түсетін шағымдарды қарастыратын кеңес құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап.


Әкімдіктерде полиция қызметкерлерінің әрекетіне түсетін шағымдарды қарастыратын кеңес құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап.

"(...) Жергілікті қауымдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметіне. Ол қоғамдық тәртіпке, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұруға жауап беретін болады. Біз бұл туралы көп айттық, бірақ осыған жақындай алмадық. Барлығы орталықта ұстап отырмыз, ешкім жібергісі келмейді, онда олар осы мәселемен жергілікті билік органдарына барсын. Дәл осы қызмет қоғаммен тығыз байланыста ұсақ құқықбұзушылықтарға деген нөлдік шыдамдылықты қамтамасын етуі керек", - деді Назарбаев Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол елордадағы шағынаудандардың бірінде болған оқиғаны мысалға келтірді. "Жансая" шағынауданы таяуда, бір апта бұрын бір кіреберістегі сегіз пәтер тоналды, ешкім таба алмай жатыр. Бұл қандай полиция? Бұл жағдайда бұл тонаулар тәртіп сақшыларымен бірге жасалып жатыр деп есептеймін. Үй иесінің іссапарда жүргенін біледі, кілтін таңдап, күзеті бар үйге кіреді, онда жазбалары бар. Яғни адам өзін қауіпсіз сезіне алмайды. Әкімдік те жауап бермейді, себебі министрлік жауап береді", - деді Назарбаев.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өкілеттігін доғаруға байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетіп, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларын қызметінен босатылды. Кейін Мемлекет басшысы премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовті ұсынды. Бұдан кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдаған болатын. Сөйтіп, Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети