05 мамыр 2016 13:11

Назарбаев Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы екі ел арасында тәуелсіздік жағдайындағы жақсы қарым-қатынас орныққанын атап өтті. "Біз Польшада атқарылып жатқан істерге зор құрметпен қараймыз. Сіздің ел Еуропадағы даму қарқыны жөнінен көшбасшы елдің бірі болып саналады. Біз Варшавамен жақын саяси қарым-қатынаста болғымыз келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында поляк көшбасшысы А.Дудамен кездескенін еске алды. Сол кездесу барысында Польша Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен келуге шақырған болатын. "Бұл біздің жақсы достық қарым-қатынастымызды одан әрі тереңдете түсудің жаңа мүмкіндігіне айналады деп үміттенемін", - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде С.Карчевский екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Польша басшылығы Қазақстан Президентінің Варшаваға сапарын күтіп отырғанын атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети