26 тамыз 2014 18:26

Назарбаев Порошенкомен кездесуде: Сізге Путинмен көзбе-көз сөйлесу қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. ©Ренат Ташқынбаев Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. ©Ренат Ташқынбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президентімен кездесуде Қазақстанның Украинамен қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруға дайын екенін және Қазақстанның бұл елдегі ахуалды жылдам реттеуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Минскіден. 


Нұрсұлтан Назарбаев Украина президентімен кездесуде Қазақстанның Украинамен қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруға дайын екенін және Қазақстанның бұл елдегі ахуалды жылдам реттеуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Минскіден. 

"Шындығында, Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастар әрқашан татуластықта болды. Соңғы жылдары біз көптеген бірлескен кәсіпорын тұрғыздық, бізде көптеген бірлескен жоба бар, соның бәрі бізге кедергі келтірмеуі керек. Қазір қалыптасқан ахуал мені қатты алаңдатады. Мен ойлаймын, ең бастысы, Сізге Путинмен көзбе-көз сөйлесу қажет. Ресей үшін де, Украина үшін де, меніңше, ақиқат сағаты туып отыр. Бұдан ары қарай қантөгіс жалғаспауы керек, қарапайым адамдар зардап шегіп жатыр, қазір осы туралы айтқан жөн", - деді Назарбаев Порошенкомен кездесуде.

"Біздің үкіметаралық комиссия жұмысты жалғастыруы тиіс", - деді Елбасы. Ол Украинаның Еуроодақпен қауымдастығы елдер арасындағы саудаға қалай әсер ететінін талқылау қажеттігін атап өтті.

"Біз тату қарым-қатынасты, сауда-саттықты жалғастырғымыз келеді, сіздерде бейбітшілік болғанын қалаймыз", - деді Назарбаев. Мемлекет басшысы Порошенконы Украинаның Тәуелсіздік күнімен және заңды түрде президент болып сайлануымен құттықтады.

"Қазақстанда Украинаны көпшілік жақсы көреді, қазақстандық украиндердің диаспорасы еңбек етуді жалғастыруда. Бұл - біздің елдеріміздің арасындағы көпір", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети