Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев, Путин және Лукашенко Астанада кездеседі

29 Мамыр 2014, 11:51
0
 ©Tengrinews иллюстрациясы
©Tengrinews иллюстрациясы

Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою үшін 29 мамырда Астанада кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәуелсіздік Сарайынан.

Отырыстың шағын құрамдағы кездесуіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қатысады. Ал кеңейтілген құрамдағы отырысқа бақылаушы-мемлекеттер басшылары Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян мен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қатысатын болады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық одақ әрбір қатысушы елдің прагматикалық мүдделері ескерілген, теңқұқықтық, еріктілік принцптеріне негізделген.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Аталған одақ туралы келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  Сонымен бірге, Армения мен Қырғызстан тарапынан да Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық білдіріліп отыр. Аталған құжатта халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің егемендік теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай