Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 330.00
EUR / KZT - 390.72
CNY / KZT - 50.13
RUB / KZT - 5.65

Назарбаев Путинді дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады

23 Қазан, 11:42
9
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады.

"Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы екіжақты шарттың аясында және соның ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады.

Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудің сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудың маңызды бөлігі болып саналады.

Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғаны маңызды", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне зор денсаулық, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру жолында толағай табыс тілеп, достас Ресей халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Мұның алдында Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, қос елдің Еуразиялық экономикалық одаққа қосқан үлесі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізіп жатқанын атап өткен еді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (9)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай