1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев Путинмен кездеседі

  • 3
© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездеседі, - деп хабарлайды ФАН Ресей лидерінің баспасөз қызметшісі Дмитрий Песковқа сілтеме жасап. 

Песковтың айтуынша, Путин мен Назарбаев екі ел арасындағы және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, екі елдің мемлекет басшылары бірнеше нысанды аралайды. 

Дүйсенбіде Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының отырысына қатысады.

Назарбаев Санкт-Петербург қаласына 24 желтоқсанда ұшып келген. Пулково әуежайында оны Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко және РФ Президентінің уәкілетті өкілі Николай Цуканов күтіп алды.

Доллар арзандады
ШҚО-да ұшақ өртенді