06 шілде 2017 16:00

Назарбаев Путинмен Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің қорытындысын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жұмысына жаңа табыстар тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына ерекше мән берілді.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети