03 қараша 2016 12:37

Назарбаев Ресей мен Жапонияның қарым-қатынасы туралы көзқарасын ашық айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен "Киодо Цусин" ақпарат агенттігіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен "Киодо Цусин" ақпарат агенттігіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті еліміздің ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сауалдарға жауап беріп, ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдауға әсер еткен себептер жөнінде айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияның өзара іс-қимылының, соның ішінде ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті.

"Мен қазір екі ел арасында келісіссөздердің жақсы жүріп жатқанын білемін. Мен Путиннің, Ресейдің сенімді қарым-қатынас орнатқысы келетінін білемін. Бірақ сіздердің араларыңызда үнемі аралдарға қатысты мәселе шешілмей қалады. Көптеген елдерде осыған ұқсас шешілмеген мәселелер бар. Оларды жақсы әрі сенімді қарым-қатынас орнату арқылы шешуге болады", - дейді Президент видеороликте.

Бұдан бөлек, Елбасы өңірлік геосаяси үдерістегі республикамыздың рөлі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.

NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен "Киодо Цусин" ақпарат агенттігі Жапониядағы және жаһандық ақпарат кеңістігіндегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары болып саналады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети