22 қараша 2018 20:29

Назарбаев ресейлік телеарналарға сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында Қазақстан Президенті "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында "Россия-1" және "Россия-24" телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети