11 желтоқсан 2015 20:10

Назарбаев Ресеймен әріптестікті күшейтуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Жалпыұлттық телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен белсенді әріптес болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жалпыұлттық телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен белсенді әріптес болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бірінші жартыжылдықта Қазақстанға 7,5 миллиард доллар инвестиция тартылды. Жыл бойынша, екі есе көп болады деген үміттемін, солай ма, Әсет?", - деп сұрады Назарбаев инвестиция және даму жөніндегі министр Әсет Исекешевтен. 

"(...) Ақшаның барлық нарығы барлығына да жабылған осы бір қиын жылда осындай мөлшерде инвестиция тартып жатсақ, бұл бізге деген сенімнің бар екенін көрсетеді. Қазақстанға сенеді, бізде тұрақты заң, келісімшарт бар, біздің елдің тұрақты екенінің көрінісі. Бізді әлем құрметтейді", - деді Қазақстан Президенті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 40 миллиард долларға жуық қаражатқа 120 жаңа жоба әзірлену үстінде. 

"Зор мүмкіншіліктер Ресеймен өзара әрекеттестіктің күшеюіне байланысты. Оны ресейлік жетекші компаниялармен әріптестік желісінде ғана емес, сонымен қатар, өңіраралық әріптестік аясында да дамыту керек. Үкімет пен әкімдер еуразиялық интеграцияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, осы бағытты терең меңгеруі тиіс", - деді Назарбаев. 

Жалпыұлттық телекөпір барысында индустриализация картасының 18 жаңа жобасы таныстырылды, оларға Президент Нұрсұлтан Назарбаев онлайн режимде старт берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети