20 мамыр 2016 20:37

Назарбаев Сәбит Оразбаевты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Сәбит Оразбаевтың Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден аса рөлді сомдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қапан Бадыров, Серәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Сәбит Оразбаевты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

"Сәбит Оразбаев марапат үшін, сондай-ақ Мұхтар Әуезов атындағы театрды және жалпы театр өнерін дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети