Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Сағынтаевты премьер-министр қызметіне тағайындауының себебін айтты

09 Қыркүйек 2016, 20:21
0
акorda.kz
акorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындауының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін барлық облыс пен Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мен министрлер кабинеті орындауы тиіс жаңа тапсырмаларды бердім. Әлемдегі тұрақсыз экономикалық және саяси жағдайларға байланысты стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру өте маңызды. Үкіметтегілерден барлық бағыт бойынша дұрыс жұмыс істеу талап етіледі. Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын лайықты деп санаймын", - деді Назарбаев отырыс барысында.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Кәрім Мәсімов пен үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Сағынтаевтың кандидатурасын бірден қолдады.

Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев оған артқан сенімі үшін алғыс айтып, берілген тапсырмаларды орындауға бар күшін салатынын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Бақытжан Сағынтаевтың ҚР премьер-министрі болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай