03 ақпан 2017 14:30

Назарбаев салық заңнамасын жеңілдетуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев салық заңнамасын жеңілдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев салық заңнамасын жеңілдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты.

"Салық заңнамасының күрделілігі кедергі келтіреді. Мысалы, салық төлеуші қосымша құн салығы бойынша Салық кодексінің 82 бабын білу керек. Өз кезегінде әр бапта 268 сілтеме бар болса, олардың екі жүз алтысында тағы да әрі қарай сілтемелер көрсетіледі. Сіздер қандай жағдай жасағансыздар? Сіздер үкіметке қарсы жұмыс істеп жатырсыздар. Бұл мәселемен енді кім айналысады? Олар (кәсіпкерлер - автор.) жұмыс істей ме әлде осы қағаздарды ақтарып отыра ма?", - деді Назарбаев үкіметтегілерге.

"Расында да бізде Салық кодексіне қатысты проблема бар", - деді қаржы министрі Президентке.

"Салық кодексін қарап көріңіздерші, біреу оны дұшпандылықпен жасаған. Кодексті алып, ондағы баптарды түсінікті етіп, барынша қарапайым тілмен жеңілдетіңіздер", - деді Президент.

"Тапсырма берілді, кодексті жеңілдетеміз", - деді министр Бақытжан Сұлтанов ведомствоның осы мәселемен айналысып жатқанын айта отырып.

"Салық заңнамасы барынша оңай әрі түсінікті болуы керек. Тексеріс жүргізу керек, барлық салық жеңілдіктері мен преференцияларын алып тастау керек. Салық заңнамасы іскерлік белсенділікті арттыру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети