16 қазан 2018 15:40

Назарбаев Сапарбаевтың жұмысына баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмысына жоғары баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмысына жоғары баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыста өте үлкен жұмыс жүріп жатыр. Әкімнің жұмысына жоғары баға беремін. Ол тиімді әрі байсалды жұмыс істейді, жұмыс істей берсін", - деді Мемлекет басшысы Ақтөбе тұрғындарымен кездесу барысында. 

"Соңғы 20 жылда халықтың саны екі еселенді, қазір 500 мың. Ақтөбенің Шымкент, Астана сияқты миллион халқы бар қала болғанын қалаймын. Ол үшін барлық мүмкіндік бар", - деді Президент.

Назарбаев Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды аралау барысында қаладағы екі бөлмелі пәтердің бағасы қанша екенін сұрап көрді.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети