03 наурыз 2018 10:56

Назарбаев Саркисянды Армения Президенті болып сайлануымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Армен Саркисянға Армения Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Армен Саркисянға Армения Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Армен Саркисянды Армения Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады. 

"Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз достас Арменияның қарқынды даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін.

Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында Астана мен Ереван арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін дами береді деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", - делінген жеделхатта. 

Еске салайық, кеше, 2 наурызда Арменияның ұлттық жиналысы жұма күні жаңа президентін сайлаған еді. "Саркасянға 90 депутат дауыс берді, қарсы шыққандар - 10. Осылайша, ол Армения президенті болып тағайындалды", - дейді есеп комиссиясының басшысы Гагик Меликян, Жалпы дауыс бергендер саны 101 болған, алайда, бір бюллетень жарамсыз деп танылды. 

Бұрынғы президент Серж Саргсянның мерзімі аяқталғаннан кейін Арменияда жаңа конституция күшіне енді. Жаңа конституция бойынша, билік парламент пен үкімет қолында болады, ал парламент тағайындайтын президент билігі өкілеттік қана болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети