23 қаңтар 2015 19:42

Назарбаев Сауд Арабиясы королінің қазасына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©akorda.kz ©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы королінің қайтыс болуына байланысты осы елдің халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы королінің қайтыс болуына байланысты осы елдің халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы Сауд Арабиясының королі Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Саудқа Қос киенің сақшысы, король Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Саудтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. "Жеделхатта сауд монархының қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған", - делінген хабарламада. 

Қазақстан Президенті король Абдалланың өз өмірін Сауд Арабиясы халқының, бүкіл ислам жамағатының мүддесін қорғауға, адамзаттың әділдік пен ізгілік жолындағы дамуына арнағанын атап өтті.

"Қазақстан халқы король Абдалланы парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Саудқа және барша Сауд Арабиясы халқына көңіл айтты.

23 қаңтарға қараған түні Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Саудтың қайтыс болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Монарх ауруханада 91-ге қараған шағында қайтыс болды. Бірнеше апта бұрын Абдалла өкпесінің қабынуына байланысты Эр-Рияд ауруханаларының біріне жатқызылған. Соңғы жылдары Сауд Арабиясы королі омыртқасына бірнеше рет операция жасатты. Дәстүр бойынша оның інісі - 79 жастағы Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд Сауд Арабиясының жетінші королі болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясы королі Абдалла бен Әбдел Әзиз әл-Саудты жерлеу рәсіміне қатысады. Сенат төрағасы Сауд Арабиясының жаңа короліне Қазақстанның Президенті көңіл айтқан жеке жолдауды жеткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети