Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Сауд Арабиясының жаңа королін таққа отыруымен құттықтады

26 Қаңтар 2015, 14:04
0
Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд. ©РИА Новости
Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд. ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Саудқа оның Сауд Арабиясы корольдігі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев корольге Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады. "Сіздің басшылығыңызбен Сауд Арабиясы корольдігі ислам жамағатына қызмет етуді мақсат тұтқан саясатын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Корольдіктің өз дамуында жаңа белестерге көтерілуіне және халықаралық аренадағы рөлінің артуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және әріптестік қатынастар екі елдің игілігі жолында тереңдей береді деп үміттенетінін жеткізді. Қазақстан Президенті соңында Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Саудқа денсаулық пен амандық, болашақтағы игі істеріне табыс, ал достас Сауд Арабиясы халқына береке-бірлік тіледі.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд қайтыс болған еді. Дәстүр бойынша оның інісі - 79 жастағы Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд Сауд Арабиясының жетінші королі болды. Жаңа монарх тақ мұрагері ретінде корольдіктің министрлер кеңесі басшысының орынбасары қызметін атқаратын Мукрин ханзаданы атады. Ол - қайтыс болған Абдалла корольдің өгей бауыры.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай