27 сәуір 2015 12:43

Назарбаев сайлау күні көзіне жас алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tengrinews.kz @Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан жеңімпаздар форумында барлық қазақстандыққа сайлауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан жеңімпаздар форумында барлық қазақстандыққа сайлауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін ерекше күн, қазақстандықтар тағы да өздерінің ауызбіршілігін көрсетті, көп ұлтты ел бірліктің арқасында барлық тауқыметті жеңеді. Бүкіл Қазақстан кеше бір кісідей дауыс беруге келді. Мен азаматтардың отбасыларымен, балаларымен, немерелерімен сайлау учаскелеріне келгенін көріп, көзіме жас алдым. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді, халқымыз өзінің тұрмысын, әл-ауқатын жақсартып, балаларын тәрбиелеуі және болашаққа сеніммен қарауы үшін не істеу керектігі туралы күні-түні ойлануға мәжбүрлейді", - деді Назарбаев форумда сөйлеген сөзінде.

Ол қазақстандықтардың бүкіл әлемге өздерінің ауызбіршілігі мен біртұтастығын көрсеткенін атап өтті. "Біз қазақстандық саяси мәдениеттің біртұтастығын, жауапкершілігін көрсеттік. Сайлауға барлығы келді. Президентті сайлау - өз болашағыңды таңдау. Барлық қазақстандыққа көп рахмет айтып, басымды иемін. 37 елден келген 850 бақылаушылар мен 40 елдің ақпарат құралдары арқылы әлемге өзімізді таныттық", - деп атап өтті Назарбаев.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде елімізде Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін еліміздің барлық өңірінде сайлау учаскелері жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясы 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де учаскелердің жабылғанын хабарлады.

ОСК мәліметі бойынша, Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді. Еxit poll мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинады. Халықтың 0,7 пайызы Әбілғазы Құсайыновқа, 1,6 пайызы Тұрғын Сыздықовты қолдап дауыс берген.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети