24 тамыз 2019 11:48

Назарбаев шахтерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Шахтерлер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Шахтерлер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын! Мен кеншілерге әрдайым зор құрметпен қараймын, өйткені шахтер еңбегінің бейнеті маған жақсы таныс. Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, көмір өндірісі біздің индустриямыздың берік негізі. Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады.     

"Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына атсалыса  бересіздер деп кәміл сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!", - деді Елбасы. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети