14 маусым 2016 15:55

Назарбаев шенеуніктерге жұртшылықпен сауатты жұмыс жүргізуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Назарбаев шенеуніктерге халықпен сауатты жұмыс істеуді тапсырды. Президенттің айтуынша, жер заңңамасында болған жағдайларды болдырмау үшін мемлекеттік органдарда үнемі қатемен жұмыс жасап отыру қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Назарбаев шенеуніктерге халықпен сауатты жұмыс істеуді тапсырды. Президенттің айтуынша, жер заңңамасында болған жағдайларды болдырмау үшін мемлекеттік органдарда үнемі қатемен жұмыс жасап отыру қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі сәтте жұртышылықпен сауатты жұмыс жүргізу ісін жолға қоюға ерекше көңіл бөлген жөн екенін айтты.

"Жаңа заңнамалық актілер қабылдау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып жатыр. Соның айқын мысалы - жер мәселесіне қатысты заң. Сондықтан жүйелі талдау және қабылданып жатқан шараларды жан-жақты талқылау негізінде қателіктермен ұдайы жұмыс жүргізіп отыру қажет. Біз саясатымызды жетілдіру жөнінде алдын ала жүйелі қадамдар жасауға тиіспіз, - деді Мемлекет басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті экономикалық өсімді ынталандыру үшін Үкіметке 2016 жылдың екінші жартысында қосымша 240 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу есебінен бөлінетін ресурстар шағын және орта бизнесті қолдауға, жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасын несиелеу мен жүзеге асыру ісіне жұмсалады.

Cонымен қатар, бұдан бөлек, қаржы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, соның ішінде ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын жақсартуға, Құрық портындағы паром өткелін аяқтауға және елорда әуежайын жаңғыртуға бөлінеді. Бұл шаралар құрылыс саласында 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге септігін тигізеді. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі 2016 жылға жоспарланған экономикалық өсім деңгейіне қосымша 0,4 пайыз болады деп болжанып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети