1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев шетел журналистеріне EXPO-2017 басты нысаны жайлы айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаев National Geographic EXPO-2017 басты нысаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорда елбасының журналистерге берген сұхбатының үзіндісін жариялады.

Сұхбатта, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде "ЭКСПО-2017" көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, "жасыл экономика" және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады.

Сұхбат National Geographic телеарнасының "Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы" деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді.