03 наурыз 2016 13:55

Назарбаев ішкі істер министрін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі кездесу барысында Мемлекет басшысына құқық қорғау жүйесін реформалау аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің алғашқы қорытындылары туралы, сонымен қатар, қылмыспен күресті күшейту және елдегі құқық тәртібін қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында белгіленген тетіктерді енгізу құқық қорғау органдарына өз функцияларын барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дайындық пен оны өткізу барысында құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

"Қалмұханбет Қасымов пенитенциарлық инфрақұрылымды мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту аясында жаңғырту туралы, сондай-ақ азаматтық қорғаныс қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алумен және болдырмаумен айналысатын органдар жұмысы жөнінде баяндады", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети