Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Шөкеевке жұмысқа "қоңырау бойынша" қабылдамауды ескертті

06 Қазан 2014, 15:02
1
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеевке қорға "әлдекімдердің танысын" емес, ел игілігі үшін жұмыс істегісі келетін жастарды тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет бсшысы бұл тапсырма орындалмайтын болса, оны жұмыстан шығаратынын айтты.

"Маған жоғарыда ел үшін жұмыс істегісі келетін жастардың тізімі мен фотосуреттерін көрсетті. Қазір оларды компанияға әкелу маңызды мәселе болмақ. Адамдарды білімі, тәжірибесі, ісі бойынша арттыру маңызды, басқа қағидалар бойынша емес, бізде ондай жеткілікті: қоңырау шалу, біреудің танысы болу жеткілікті. Бұл - басты міндет. Шөкеев мырза, бұл міндетті орындай алсаң, жұмыс істейсің, орындай алмасаң - жұмыс істемейсің. Дұрыс айтылды - жас, дайындығы жоғары адамдар басқаруы керек, басшылықта дайындығы нашар адам отырса, жетістікке жете алмаймыз. Саған керектінің бәрін біз береміз. Істе!" - деді Президент Астанада Трансформация форумында.

Мемлекет басшысы Трансформация бағдарламасын іске асыруда жұмыстың нақты жоспарының болуы маңызды екенін атап өтті: іс-шаралар, мерзім, жауапкершілік. "Мен премьер-министрден тәуелсіз мониторинг ұйымдастыруды сұрадым. Біздің ішкі қарым-қатынастарымыз,а тәуелсіз адамдар мониторинг жүргізетін болады, бізше, қазақша айтқанда - бақылау жүргізу, мен қай жерде не тоқтап қалды, қай жерде кешеуілдеп жатыр, қандай учаскеде бәрін біліп отыруым керек", - деді ол.

"Біздің нені батыл түрде істегіміз келіп отырғанын көріп отырсыздар. Бізде мүмкіндік бар. Бүгін - Қазақстан үшін, біздің экономика үшін маңызды күн. Біз трансформацияны бастап беріп отырмыз, бұл қалай іске асырылады, бәрін бақылайтын боламыз", - деді Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай