29 маусым 2016 16:00

Назарбаев Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығында болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medportal.ru © medportal.ru

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға барды. Өскеменде Президент облыстық Қан орталығының жаңа ғимаратына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға барды. Өскеменде Президент облыстық Қан орталығының жаңа ғимаратына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыстық Қан орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Сондай-ақ донация және қан құрамдауыштарының сапасын автоматтандырылған зертханалық бақылау әдісін енгізуге мүмкіндік беретін жаңа медициналық құралдармен жабдықталған орынжайларды аралап көрді.

Қазақстан Президенті орталық қызметкерлерімен әңгімелесіп, қаланың медициналық мекемелерінің қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев ұжымның табысты болып, қызмет нәтижелерінің арта беруіне тілектестігін білдірді.

Мекеме қызметкерлері медицина саласына жүйелі қолдау көрсетіліп отырғаны үшін ризашылықтарын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети