25 қазан 2017 12:12

Назарбаев Си Цзиньпинді құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

"Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті.

Сізге достас Қытай мемлекетінің халықаралық беделі мен әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еңбегіңізге сәттілік тілеймін.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздың достығы нығая түсетініне сенім білдіремін", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.

Еске салайық, 25 қазанда Қытайдың Коммунистік партиясының орталық комитетінің 19-шы шақырылымында Си Цзиньпинді бас хатшы етіп тағайындады. Сонымен қатар, ол елдегі ең жоғарғы әскери орган болып табылатын Орталық әскери кеңестің хатшысы болып тағайындалды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети