ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы биылғы 24 маусымда Сычуань провинциясындағы лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.