15 қараша 2018 14:37

Назарбаев Словакия премьер-министрімен кездесті

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының премьер-министрі Петер Пеллегринимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының премьер-министрі Петер Пеллегринимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Словакия Премьер-Министрінің бұл сапары мемлекетаралық байланыстырды одан әрі нығайтуға және экономиканың түрлі салаларындағы ықпалдастықты тереңдетуге серпін беретінін атап өтті. 

"Елдеріміз арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Сапарыңыздың барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен кездесу өткіздіңіз. Сізбен бірге Қазақстанға бизнес өкілдері де келіпті. Осы сапарыңыз өзара байланыстарымызды дамытуға жаңаша жол ашады деп ойлаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Петер Пеллегрини еліміздің әлемде мемлекетаралық диалог орнату ісіндегі маңызды рөлі жөнінде айтты.

"Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы беделі зор. Көптеген халықаралық мәселелерді шешу жолындағы Қазақстанның тұрақтандырушы рөлін жоғары бағалаймыз", - деді Словакия Республикасының премьер-министрі.

Сонымен қатар, Петер Пеллегрини екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды өркендетудің маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіп және индустрия секторларында, көлік-логистика саласында, соның ішінде "Бір белдеу, бір жол" бастамасының аясында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады