28 қаңтар 2015 19:05

Назарбаев сот төрелігін атқаруды одан әрі жақсартуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қайрат Мәми. 2014 жыл. ©akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев пен Қайрат Мәми. 2014 жыл. ©akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәми Президентке соттардың 2014 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады. Оның айтуынша, соттарға 1,2 миллионнан астам арыз және іс келіп түскен. Жоғарғы сот төрағасы азаматтық істердің саны шамамен 450 мың болуы Қазақстан азаматтарының сот жүйесіне деген сенімі артқандығының айғағы екенін айтты. Ол электрондық сот өндірісін енгізу жұмыстары жөнінде де баяндады. Мәмидің мәліметінше, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сегіз бағыт бойынша күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Солардың қатарында соттар қызметінің ашықтығын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, судьяларды іріктеу жұмыстарын күшейту, тұрақты әлеуметтік зерттеулермен қамту және басқа да шаралар бар.

Қазақстан Президенті бүгінде сот жүйесі алдында судьялардың VI съезінде белгіленген жаңа міндеттер тұрғанына назар аударды. Ол республика соттары 2015 жылдан бастап азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін нығайтуға бағытталған жаңа қылмыстық заңнама аясында жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

"Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот төрелігін атқаруды одан әрі жақсарту, оған халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстанның судьялар корпусының кәсібилігін арттыру қажеттігін де айтты", - деп хабарлайды Мемлекет басшысының ресми сайты. 

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети