Назарбаев Сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды

06 Желтоқсан 2016, 16:51
12
Назарбаев Сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында Сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыртқы сауда және инвестиция бірге болуы керек. Ал бізде сауда бір министрлікте, инвестиция екіншісінде. Біреу (Қазақстанға қызығатын - автор ескертпесі) компаниялардың артынан жүріп, бәрін осында тарту керек. Жұмыс істейтін елдер осылай жасайды. Ал бізде бұл жоқ. Мұнымен нақты кім айналысатынын анықтап алуымыз керек. Бізде осындай адамдар бар ма? Жоқ болса, олардың орнына шетелдіктерді қойып, ақша төлеу керек. Экспортпен біреу айналысу керек қой. Үкімет инвестицияның және сауданың қайда екенін ажырату қажет. Сыртқы істер министрлігі көптеген елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болу керек шығар? Ал Индустрия министрлігінде индустриямен айналысу қажет", -  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан индустриализациясының екінші бесжылдығы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалды-инновациялық дамуын ілгерлетуге арналған жалпыұлттық телекөпір жүріп жатыр. Қазақстан Президенті индустриализация аясында нысандардағы өндіріс пен жобалар құрылысына бастау берді.

Сонымен қатар, бүгін Астанада Қазақстан Президентінің "Алтын сапа" жүлдесін ұсыну салтанаты, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық конкурс-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау және "Парыз" бизнеске әлеуметтік жауапкершілік конкурсының жүлдегерлерін марапаттау өткен болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (12)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай