01 шілде 2015 23:17

Назарбаев: Тамырымыздың тереңде екенін білуіміз керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының тарихын толықтай қалпына келтіруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Хабар" және "КТК" телеарналарында көрсетілген "С Назарбаевым о главном" деректі фильмінде айтты.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының тарихын толықтай қалпына келтіруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Хабар" және "КТК" телеарналарында көрсетілген "С Назарбаевым о главном" деректі фильмінде айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы тамырының тереңде екенін біліп, тарихты түгелдей толық жинақтау керек. "Біз сондаймыз, біз мұндаймыз деп көрсету үшін емес. (...) Жоқ, жай ғана білу үшін, өз тарихымызды білу үшін, тамырымыздың тереңде екенін балаларымыз білуі үшін. Барлық халық секілді", - деді Назарбаев.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу туралы ескерткен Президент бұл оқиғаны "күштілеп тойлауға" шақырды. "Біз мұны күштілеп тойлауымыз керек және біздің халқымыздың бір сәтте аяғы аспаннан салбырап түсе салмағанын, дамығанын, бұл жерде біздің бабаларымыздың болғанын, олардың бұл жерді қорғағанын, қан төгіп, қазір біз жасағанды армандағанын көрсетуіміз керек", - деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, Назарбаев қазақ халқының түгелдей тарихының жаулап алу емес, қорғау екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қазақ халқының өзі үшін, жерінің тұтастығы үшін, халықтың сақталуы үшін болған күрес. "Қазақтар үнемі қорғанған. Ешқашан шабуыл жасамаған. Сондықтан осы тарихты қайта қалпына келтіру керек және балаларымызға да тамырымыздың тереңде екенін айту керек", - деп қайталады Президент.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети